• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ЭКОНОМИКА БАҒЫТЫНДА ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

2023-12-22 | Жаңалықтар

2023 жылдың 21-желтоқсаны күні Шәкәрім университетінің ұжымы ЕврАзЭС қолдауымен құрылған Еуразиялық желілік университеттің өкілдерімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.
Мазмұнды кездесу барысында екі білім мекемелерінің арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттары кеңінен қарастырылып, коллаборацияны жүзеге асырудың басымдықтары айқындалды.
Өзара пікірлесуге қатысқан «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі А.Зейнуллина, БББ менеджерлері А.Оразгалиева мен Л.Паримбековалар «Экономика және басқару» БББ бойынша қосдипломды бағдарламаны қарастырудың мүмкіндіктері бар екендігін айта келе, алдағы шешілуі тиісті сұрақтарды талқыға салды. Кездесудің нәтижесінде екі тараптың оқу бағдарламаларын егжей-тегжейлі сараптай отырып, болашақтағы қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыруға қадам жасалды.

Бөлісу