• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
announcement

Мектеп және колледж оқушыларына арналған «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» VІI облыстық ғылыми конференциясы

2023-03-14

2023 жылдың 1 сәуірінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті мектеп және колледж оқушыларына арналған «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» VІI облыстық ғылыми конференция өткізіледі. Конференцияның мақсаты: оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқушылардың үздік зерттеу жұмыстарын көрсету және насихаттау.

Конференция қатысушылары Конференцияға 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және ұстаздар (ғылыми жетекші ретінде) шақырылады. Конференцияның бағыттары 1. Физика-математика ғылымдары; 2. Информатика және ақпараттық технологиялар (информатика, автоматтандыру и электротехника, ақпараттық жүйелер); 3. Филология (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі); 4. Жаратылыстану ғылымдары (химия, география, биология, экология, ветеринария, агрономия); 5. Экономикалық ғылымдар (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы); 6. Педагогикалық ғылымдар (педагогика, психология, мектепке дейінгі оқыту, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулу); 7. Инженерлік ғылымдар (машина жасау, биотехнология, техникалық физика, жылу энергетика, тамақ өнімдерінің технологиясы, құрылыс және т.б.); 8. Гуманитарлық ғылымдар (құқықтану, журналистика, Қазахстан тарихы, философия); Қатысу шарттары Конференцияның бірінші кезеңін мектептер (колледждер) дербес түрде өткізеді. Конференцияның әр бағыты бойынша мектептен (колледжден) екіден көп емес жеңімпаз ұсынылады. Конференцияға қатысу үшін 2023 жылдың 20 наурызына дейін otdelnauki2013@mail.ru электрондық поштасына конференцияға қатысушының өтінімін (сканерленген нұсқасы) жіберу қажет.