• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Профессор Г. К. Көкебаеваның дәрісі

2024-04-22 | Ғылым

2024 ж. 15-19 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлжаухар Кәкенқызы Көкебаева "Тарих" білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін отандық және дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқыды. Профессор сонымен қатар ғылыми мақалалар жазу және зерттеулер жүргізу әдіснамасы туралы, Web of Science және Scopus дерекқорларында журналдарды іздеу әдістері, олардың индексін бағалау, CiteScore журналдарының квартилін анықтау және оның салалық мәртебесін бағалау әдістері туралы айтты.

Дәріс барысында білім алушылардың алған білімі мен тәжірибесі "Тарих" ББ білім алушыларының ғылыми ізденістерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Бөлісу