• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Тарих пәні бойынша Олимпиада

2024-02-07 | Жаңалықтар

2024 жылдың 07 ақпанында тарих кафедрасы Шәкәрім университетінің 90 жылдығын мерекелеу аясында "Шәкәрім білім беру грантын" тағайындау үшін оқушылар арасындағы Тарих олимпиадасының 2 кезеңін өткізді. Қазылар алқасының мүшелері облыстың әртүрлі өңірлерінен келген оқушылар жіберген жобаларды олимпиада талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап, бағалады. 

Қазылар алқасының төрағасы - Абай облысы бойынша "Өрлеу" БАҰО АҚ өкілдігінің басшысы-Р. Н. Искакова. Қазылар алқасының мүшелері: Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің тарих кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Қ. Қ. Байсарина, М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Н. Ә. Сағымбеков, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Д. Т. Кемешев және кафедраның аға оқытушысы, т.ғ. к. Т. А. Кариева.

Олимпиаданың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, басшылар алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу