• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
7M01403 - Бейнелеу өнері және сызу
М007 Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің "Гуманитарлық-экономика" факультетінің, "Өнер және музыка" кафедрасы 7М01403 Бейнелеу өнері және сызу білім беру бағдарламасы бойынша пеагогикалық ғылымдарының магистрлерін дайындайды.Бәләм беру бағдарламасы жоғары педагогикалық және көркемдік білім беру салаларында жұмыс істеу үшін білім беру мекемелерінің бейнелеу өнерінің барлық салаларында кәсіби-шығармашылық қызметпен айналысуға қабілетті, педагогикалық және шығармашылық міндеттерді шешу кезінде ғылыми-әдіснамалық тәсілді қолдана отырып, сондай-ақ тиісті құзыреті бар магистрлерді даярлауға бағытталған.
Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, оның ішінде кемінде 13 кредит зерттеу және педагогикалық практиканың 6 кредиті, кемінде 24 МҒЗЖ, магистрлік диссертацияны дайындауға, ресімдеуге және қорғауға кемінде 8 кредит игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
Мақсаты
Кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, көркем және білім беру үдерістері мен құбылыстарының ғылыми-зерттеу және эксперименталдық әдістерінің негіздерін меңгерген магистрлердің негізгі және арнайы құзыреттерін қалыптастыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М01403- Бейнелеу өнері және сызу білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - оқытушы (ассистент); - суретші-дизайнер; - жалпы білім беру мекемелеріндегі Көркем еңбек мұғалімі; - - өнер объектілерін (кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер, жарнама, полиграфия, өнеркәсіп және т.б.) өндіретін түрлі ұйымдардың жетекшісі.т. б.); - көркемдік қызметпен айналысатын ұйымның маманы
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
    - оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті жобалау және басқару; - диагностика, түзету, педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау; -арнайы орта, жоғары оқу орындарында білім алушыларды оқыту және дамыту; - білім беру саласындағы инновациялық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары; - жоғары оқу орындары; - білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар; - шығармашылық одақтар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - білім беру; - оқу-тәрбие; - мәдени-ағартушылық; - жобалау-дизайнерлік; - өндірістік-көркемдік; - ғылыми-әдістемелік; - көркем-шығармашылық.
Карта учебных модулей по формированию компетенций
Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Оқу және кәсіби қызметтегі дүниетанымдық, социолингвистикалық және философиялық мәселелерді; жоғары педагогикалық білім беру проблемаларын және оның одан әрі даму перспективаларын шеше алатындығын көрсетеді. Мотивацияға, дағдарыс жағдайларындағы коммуникацияға, сапаны бақылау мен біріктірілген басқаруға заманауи тәсілдерді қолданатын мультимәдени топтарды басқарады. Білім беру ұйымдарында тәрбие (оқу) және тәрбие жұмысын жүргізеді.

Ғылыми-кәсіптік даярлық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стильдерін және педагогикалық шындықты тұтас қабылдауды түсінеді; бейнелеу өнерінде теориялық және қолданбалы деңгейді зерттеу әдістерін қолданады; ғылым және мамандық ретінде менеджменттің дамуының негізгі кезеңдерін біледі; компьютерлік модельдеу әдістерін және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық талдау әдістерін біледі.

Ғылыми-көркем дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуға бағытталған белгілі педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, берілген оқу мақсаттарына сәйкес оқу қызметінің шарттарын құрастырады. Ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилін және педагогикалық шындықты тұтас қабылдауды түсінеді. Шығармашылықты түсінуде негізгі философиялық және психологиялық тәсілдерді қолданады, Орта білім берудің барлық сатыларын біріктіру және оқытудың сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын жоспарлайды.