• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B01101 - Педагогика және психология
В001 Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының тобы 6В01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 15 орын 2023 жыл - 11 орын "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, гуманитарлық факультетінің "Педагогика және психология" кафедрасының "6B01101 - Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы жүзеге асырады, аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, гуманитарлы-экономикалық факультетінің педагогика және психология кафедрасының ПОҚ әзірледі және білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Білім алушылардың білім беру қызметін ББ мәліметтеріне сәйкес ұйымдастыру оқу процесін жоспарлау, білім беру мазмұны, оқу сабақтарын өткізу тәсілдерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмысы, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ББ-ның ерекше ерекшелігі педагог-психологтарды даярлау саласында шетелдік, отандық теориялық және практикалық тәжірибе синтезделгені, сондай-ақ инклюзивті білім беруді психологиялық сүйемелдеу үшін құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар аударылғаны болып табылады. Осы білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өткен оқытушылар қатысады. Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады.Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Психологиялық қызмет жағдайында оқу-тәрбие үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін бакалаврларды дайындау, орта және арнайы оқу ұйымдарында педагогика және психология саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    педагог-психолог (мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдары), білім беру ұйымдарының оқытушысы, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын (училищелер, колледждер).
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (6.4)
  • Кәсіби қызмет саласы
    Білім беру жүйесі
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (ясли-бақшалар, шағын орталықтар); - жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері, гимназиялар, лицейлер, шағын жинақты мектептер, спорт мектептері, балалар үйлері; - арнайы түзету ұйымдары; -техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (училищелер, колледждер).
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Ұйымдастыру-технологиялық - озық педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру. Өндірістік-басқару - «субъект-субъект» өзара іс-әрекеті. Жобалау - жалпы білім беретін орта мектепте білім беруді модельдеу. Ғылыми-зерттеу - кез-келген түрдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында; - жоба, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, моделдеу және жүзеге асыру. Білім беру - педагогикажәне психологияны оқыту; - кадрларды даярлау және қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Карта учебных модулей по формированию компетенций
Кәсіби-тілдік және ақпараттық сауаттылық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тілдік және ақпараттық білім негізінде өз бетінше білім іздеу дағдыларын меңгерген. Психологиялық қызмет жағдайында педагог-психологтың қызметін ұйымдастыру бойынша іскерліктерін меңгерген.

Мамандықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Мамандықтың психологиялық-педагогикалық аспектілерін түсінеді. Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен маңызын жіктейді.

Әлеуметтік-саяси ұтқырлық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-саяси ұтқырлықты көрсетеді. Тұлғаның психологиялық және жас ерекшеліктері туралы білімді меңгерген.

Психолог жұмысының мазмұны

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Іс-әрекеттің түрлі бағыттарында психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады. Кәсіби іс-әрекеттің мазмұнының ерекшеліктерін талдайды.

Оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Оқыту процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Қазіргі жағдайдағы білімнің мәні мен маңызын түсінеді.

Психологиялық қызмет жағдайында практикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Психологиялық қызмет жағдайында практикалық қызметті ұйымдастырады. Практикалық іс әрекеттің әр түрлі формасында тәжірибелік дағдыларын көрсетеді.