• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B04109 - Бухгалтерлік есеп және қаржы
B045 Аудит және салық салу білім беру бағдарламаларының тобы 6B04 Бизнес, басқару және құқық білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 46 орын 2023 жыл - 22 орын Гуманитарлық-экономика факультетінің «Экономика және қаржы» кафедрасы, еңбек нарығының қажеттіліктері мен біліктілік талаптарын ескере отырып әзірленген 6В04109 "Бухгалтерлік есеп және қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Білім беру бағдарламасы өзекті теориялық базаны қалыптастыруға, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, экономикалық талдау және қаржы-шаруашылық басқару бойынша қазіргі заманғы маманды кешенді кәсіби іске асыру үшін қажетті практикалық дағдыларды терең кәсіби түсінуге және меңгеруге бағытталған. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі мен мүмкіндіктері – теориялық және практикалық оқытудың жоғары деңгейі, мықты материалдық-техникалық база, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету( 1С Бухгалтерия, Project Expert), жоғары білікті оқытушылар құрамы, білім беру үдерісіне жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, кәсіби қызметтің кең спектрі. Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3 жыл.
Мақсаты
Қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап беретін, жаңа шынайылық жағдайында білімі, технологиялары және қосымша құзыреттері бар бухгалтерлік есеп пен қаржы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «6В04108 Бухгалтерлік есеп және қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Қаржы жұмысы жөніндегі Экономист (қаржы жөніндегі маман): - қаржы менеджері - несие менеджері - салық маманы - салық кеңесшісі - қазынашылық маманы - коммерциялық банктердің маманы Ұйымның директоры (Бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) Аудитор
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    Шағын және орта бизнес субъектілерінде Нарықтық экономиканың салалық секторларында Бюджеттік ұйымдарда Түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарда Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқытушылық қызмет
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Қаржы-экономикалық және бухгалтерлік қызметтер, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ішкі бақылау және аудит бөлімдері, министрліктер, мемлекеттік ұйымдар, банктер; салық органдары, аудиторлық, консалтингтік компаниялар, қор биржалары, инвестициялық қорлар, министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - ұйымдастыру-басқарушылық қызмет - есептеу-жобалау - эксперименттік-зерттеу - экономикалық - есептік-талдамалық - кеңестік