• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Атамекен» рейтингісінің қорытындысы шығарылды.

2024-01-31 | Жаңалықтар

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылға арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы шығарылды. Рейтинг қорытындысы бойынша 6B01301 - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"білім беру бағдарламасы  1 орынға ие болды.
«Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингі жыл сайын жасалады. Білім беру бағдарламалары бірқатар критерийлер бойынша бағаланады, соның ішінде мұғалімдердің практикалық тәжірибесі мен халықаралық аккредитациясының болуы. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы мен орташа жалақысы, студенттердің жетістіктері, жүзеге асырған стартап жобалары, магистратурада оқуын жалғастырған студенттердің саны есепке алынады.

Бөлісу