Тлемисов Улан Багдатович
Факультет деканыСандар




Миссия
Мемлекеттік тілде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін, білімдерін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қолдана алатын, білім берудің барлық деңгейлерінің ережелерін оңай басшылыққа алатын, нормативтік-құқықтық актілерінде оңай бағдарланатын,инновациялық технологияларды қолдана алатын,бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Сапа саласындағы мақсаттар
1. Нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми халықаралық басылымдарда 8 ғылыми мақала және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ұсынған ғылыми журналдарда 20 мақала жариялау;
2. Факультет студенттеріне арналған БББ бойынша 6 оқулық пен 2 оқу-әдістемелік кешен шығару;
3. 2 ғылыми монография жарыққа шығару;
4. Конференция және хабаршы жинақтарына студенттердің кемінде 85 баяндамалары мен тезистерін жариялау;
5. Шетел ғалымдарын дәріс оқуға шақыру – 1 ғалым;
6. Студенттер мен педагогикалық ұжымның ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасын іске асыру -– 10 студент, 1 оқытушы.
7. Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі 85%-дан кем болмауын қамтамасыз ету;
8. Семей қаласының мектептері оқушыларының 3 пәндік олимпиадасын өткізу (Бейнелеу өнері және сызу, Музыка, Экономика)
9. Студенттерді университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын және қоғамдық қызметін жүзеге асыруға тарту – 60%.
10. Педагогикалық мамандықтар түлектерінің 90% ҰБТ тапсыруын қамтамасыз ету
11. 5 білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациядан өту (экономикалық бағыт)
